4 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – 2018 жылдың қыркүйек айынан бері әлем елдерінен ұмра қажылыққа 2,21 млн адамға виза берілген. Бұл туралы Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігінің статистикалық есебінде жарияланды, деп жазады kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Ведомство бүгінге дейін 1,349 млн мұсылман қажылық жасап, елдеріне оралған, қазіргі уақытта 400 мың адам қажылық жасау үстінде.
Қажылардың басым бөлігі – бір жарым миллион адам Сауд Арабиясына қажылыққа әуе жолдары арқылы жеткен.
Ұмра жасаушылардың көрсеткіші бойынша Пәкістан (500 мыңнан аса адам) көш бастайды. Тізімді Индонезия (314 мың) мен Үндістан (244 мың), Малайзия, Йемен, Алжир және Түркия елдері жалғастырады.