22 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Бүкіл әлемге шоколадтарымен белгілі болған зауыт мұнан кейін халал шоколад өндіреді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Швейцарияның ең ескі кондитерлік зауыты Toblerone өз тұтынушыларының қатарын кеңейту үшін енді тәттіқұмар мұсылмандарға бағытталмақшы. Танымал Toblerone фабрикасы мұсылмандар үшін өндірілетін тәттілердің өндіріс процесін имамдардың өз көзімен көріп, тексеруіне рұқсат беруді жоспарлап отыр, деп жазады lenews.ch.
Toblerone өкілдерінің айтуынша, барлық шариғи шарттардың орындалуын қадағалау үшін өндіріске мезгіл-мезгілмен имамдар шақырылып отырады. Бұл қандай да болсын жағдайда алкоголь өнімінің араласу қаупінен сақтану үшін керек дейді олар. Себебі, құрал-жабдықтар құрамында алкоголь бар сұйықтықпен жуылады екен.