26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Канадада «Мешітіме келіңіз!» халықтық акциясы өтті

Канадада «Мешітіме келіңіз!» халықтық акциясы өтті

Жаһан
Жарнама

12 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Канада елінде бүкілхалықтық «Мешітіме келіңіз!» акциясы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Акция барысында күні бойы мешіттерді еркін аралаған азаматтар Алла үйінің ішкі құрылымымен  танысып, дін қызметкерлеріне қалаған сұрақтарын қойып, жауап алды.

«Мешітіме келіңіз!» бүкілхалықтық акциясына қатысушылар мешіттің көңілді баурайтын ортасы мен жамағаттың қонақжайлылығына дән риза болды, деп жазады Muslim Link.

Алла үйінің қонақтары арасында тек қатардағы азаматтар емес, сондай-ақ парламент депутаттары, шенеуніктер мен полиция қызметкерлері де болды. Келгендердің барлығына мол дастархан жайылды.

Канадалық мұсылмандардың отандастарына жеткізгісі келген басты нәрсе – мешіттің есігі жылына бір күн ғана емес, жыл, он екі ай бойы ашық екендігі.

Бөлісу: