Сауд Арабиясында жуық уақытта терроризмге қарсы халықаралық орталық ашылады. Бұл туралы корольдіктің Сыртқы істер министрі Адель әл-Жубейр баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, орталықтың құрылуы туралы АҚШ президентінің елге сапары кезінде ресми жарияланды. «Біз батыс елдеріне ислам әлемі олармен жау еместігін көрсеткіміз келеді. Біздің бұл ісіміз терроризмге қарсы күрестегі әріптестікті тиімді етеді деп сенеміз» деп атап өтті ол.
Еске сала кетсек, жуырда Дональд Трамп Таяу Шығыстағы терроризмге қарсы күреспен айналысатын НАТО тектес арабша ұйым құруды жоспарлайтыны белгілі болды.
ummet.kz-ақпарат