28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Күн энергиясы босқындар лагеріне орнатылды

Жаһан
Жарнама

Иорданияда тұңғыш рет сириялық босқындарына арналған экологиялық лагерь ашылды.

Күн энергиясы 20 мыңға жуық босқын паналаған Азрак лагеріне толықтай жеткізіледі. Босқындарға жарық өмірді «Босқындар үшін ең жақсы өмір» аталатын IKEA швед компаниясының қайырымдылық қоры демешеулік еткен 2 мегаваттық күн фотоэлектр құрылғысы қамтамсыз етпек.

«Лагерге жарықтың жеткізілуі – тек қана символикалық жетістік емес. Бұл лагерь тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тіршілік ету мүмкіндітік туғызады, сонымен қатар балалардың кешқұрым білім алуына да жағдай жасайды. Енді әр отбасында тоңазытқыш, теледидар пайда болады, телефон қуаттап, Сирияда қалған туған-туыстарымен байланыс құра алады» дейді БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының басшысы келли Клементс.

Айта кету керек, 2014 жылы ашылған Азрак босқындар лагерінде электр қуатының болмауы ең үлкен мәселенің бірі болып келген.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: