2017 жылдың сәуір айындағы есепте Қырғызстанда 2600 мешіт тіркелген. Бұл туралы Парламенттің халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Дін істері бойынша мемлекеттік комиссия басшысы Закир Чотаев мәлімдеді.
«500-ге жуық мешіт тіркеуден өтпеді. Негізгі себеп – мешіт ғимараттарының құрылыс бойынша техникалық стандартарға сәйкес келмеуі» деп атап өтті Чотаев.
Оның айтуынша, Кеңес үкіметі ыдыраған тұста, яғни 1991 жылы Қырғызстанда 39 ғана мешіт болған.
ummet.kz-ақпарат