02
Сенбі,
Қараша

һижри

Меккеге қажыдан өзге адам кіргізілмейді

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясы билігі қасиетті Мекке шаһарына қала тұрғындары, қажылар мен қажылық компаниясы қызметкерлерінен өзге адамды кіргізуге тыйым салды. Қажылық компаниясы қызметкерлері арнайы рұқсат қағазын көрсеті міндеттеледі, деп хабарлайды Marwa.ru.

Барлық көлік түрлері Аль-Махамадия, Аль-Хада секілді бақылау-өткізу пунктерінде жіті тексерістен өткізіледі.

«Бұл уақытта халық көп жиылатындықтан, үкімет бақылау жүргізу мақсатында Меккеге кіретін адамдар санына шектеу қою туралы шешім шығарды» дейді Меккедегі аль-Хада бақылау-өткізу бекеті қауіпсіздік қызметкері. Ол сондай-ақ Таиф немесе Рияд қаласына Джидда-Тафи тас жолы арқылы жетуге болатынын айтты.

Меккеге осы қалада тұруға рұқсат қағазы бар адам кіре алады. Қасиетті қалаға мұнан өзге жолдармен заңсыз кірген адамдар тез арада депортацияланып, ел шекарасынан кіруге 10 жылға тыйым салынбақ.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: