08
Жұма,
Қараша

һижри

Әлемдегі ең үлкен қария Дағыстанда тұрады

Жаһан
Жарнама

Дағыстанның Дербент қаласында әлемдегі ең үлкен қария Алимат Муслимова тұрады. Қария ораза айт мерекесі қарсаңында 116 жасын атап өтті.

Ғасырдан асқан әжейдің өзі қонақтарды қарсы алды. Оған көптеген сыйлықтар тарту етілді, алайда қарияны қуантқаны кір жуатын машина болды. Алимат Муслимова барлық адамдарға ерекше назар қойып сөйлеседі және өзі туралы қызықты әңгімелер айтып, өзгелерді де құлақ салып тыңдайды.

«Бақытты өмір сүрдім. Күйеуім тірі кезде маған әрқашан қолдау білдіретін еді» дейді бүгінде 10 баласынан 30 немере, 24 шөбере және 1 шөпшек сүйіп отырған Алимат әжей.

Айта кетсек, мерейлі кешке аймақ әкімі де келіп, қарияның өтініш-тілектерін тыңдады. 70 шаршы метр үй 5 отбасыға тарлық көрсетіп жатқанын айтқан әжей кеңірек баспана қажеттігін айтты. Ал әкім бұл мәселені жуық арада шешуге уәдесін берді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: