Сириялық балалардың 30%-ы бейбіт өмірдің не екенін білмейді. БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры келтірген дерек осындай.
Құжат авторларының айтуынша, 2011 жылы соғыс басталған уақыттан бері Сирия елінде жарық дүниеге шамамен төрт миллионға жуық бала өмірге келген. Бұл Сириядағы жасөспірімдердің үштен бір бөлігін құрайды.
«Бұл сәбилер туылған сәттен бері соғыс пен қайғы-қасіреттен басқа ештеңе көрген жоқ» делінген БҰҰ баяндамасында.
Айта кетсек, БҰҰ деректеріне сәйкес, соғыс пен өзге де апаттардан сириялық балалардың 80%-ы зардап шеккен.
ummet.kz-ақпарат