Цзяотун Тайвань ұлттық университетінің студенттері қытай мұсылмандарына Тайвань провинциясында халал ас сататын мекемелерді оңай табуға көмектесетін мобильді қосымша әзірледі.
Халал-гид жобасының авторлары индонезиялық Арис Куссумо Диантаро мен Фейсала Фахми өз туындыларының Тайваньдағы мұсылмандар өміріне жеңілдік әкелетініне сенімді.
«Біздің мұсылман ретіндегі міндетіміз бауырларымыздың ислам дінін ұстануында қиыншылық, кедергілерді болдырмау, жеңілдету» деп атап өтті жастар.
ummet.kz-ақпарат