26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Петербор орталық мешіті жаңартылды

Жаһан
Жарнама

Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко Петербор орталық мешітіне келіп, құрылыс жұмыстарымен танысты.

«Біз көне мешітті қалпына келтіру жұмыстарының алғашқы кезеңін аяқтадық. Ауқымды жұмыстар жүргзілді. Әсіресе, сыртқы әрлеуіне мән берілді. Жұмыс сапасы мүфтид екеуміздің көңілімізден шықты. Ендігі жұмыс 2016-2018 жыл аралығында мешіттің үлкен құлшылық залын толықтай қалпына келтіріп, жаңарту» дейді губернатор.

Айта кетейік, Санкт-Петербург мешіті өңірдің байырғы сәулетті ғимараты саналады. Мешіт құрылысының барлық шығыны мемлекет қазынасынан төленбек.

Қала губернаторының айтуынша, биыл үкіметтен тарихи ғимараттарды қалпына келтіруге 60 млн рубль бөлінген. «Бұл жұмыстарды ақылға салып жүргізу қажет. Себебі, мешітке көптеген адамдар жиылады. Тек құлшылық үшін ғана емес, шетелден туристік сапармен келген меймандар да осы бір ғажап үйге қызығушылық танытады. Оның үстіне, мұсылман халқы мешіттің сақталуына үлкен жауапкершілікпен қарап келеді» деді Г.Полтавченко.

Петербор орталық мешітін қайта қалпына келтіру жұмыстары 2013 жылы бірнеше мәрмар тас қабырғаларының шытынап, құлуына байланысты басталған болатын. Мамандар ғимараттың бүлінуін аймақтың қолайсыз ауа-райы мен мұнара ішіне су кетуі себебінен көріп отыр. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: