27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Мәскеу «1 сағатта намаз үйрену» шарасына шақырады

Жаһан
Жарнама

Мәскеу орталық мешітінде әр жексенбі күні «1 сағатта намаз үйрену» атты намаз үйрету курсы өткізілетін болады.

Алғашқы дәріс өткен жексенбі күні өтті, деп хабарлайды dumrf.ru. Бесін намазынан бір сағат бұрын 15 қыз-келіншек пен 50 ер азаматқа бес уақыт намаздың  қыр-сыры, намаз шарттары, уақыты мен оны орындау тәртіптері түсіндірілді.

Қысқа мерзімді курсқа кез келген ізгі ниетті әйел, ер азаматтар қатысуына болады. Ол үшін әр жексенбі күні бесін намазынан ертерек, сағат 11:00-де мешіттің басты залына келуі керек.   

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: