Ислам экономикасы әлемдік қаржы нарығынан екі есеге жоғары көрсеткішке өсті. Thomson Reuters және Dinar Standard зерттеулеріне сүйенсек, 2020 жылы мұсылман азық өнімдері мен тауарларына жұмсалар шығыс жылына 3,7 триллион долларды құрамақ. Дәл қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 1,8 триллион доллар шамасында.
Сарапшы мамандар ислам экономикасының өсуіне мұсылман елдеріндегі халық санының жыл санап көбеюі мен халал тауарларын айналымға шығарушы жаңа нарықтардың көптеп ашылуы ықпал етіп отырғанын айтады.
Айта кетсек, халал туризм нарығы 2020 жылы 233 миллиард долларға артады. Ал ислам банк секторы 3,2 триллионға қаржы қорын молайтпақ.
ummet.kz-ақпарат