05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Google терроризмге тойтарыс береді

Жаһан
Жарнама

Белгілі Google іздеу жүйесі интернет кеңістігінде экстремизм мен терроризмнің таралуына тосқауыл қоюды көздеп отыр.

Енді Google  арқылы экстремистік ақпараттарды іздеуші адам автоматты түрде радикалды көзқарас насихатына қарсы арнаулы сайтқа түсетін болады.

Google жетекшілері халықаралық сипат алған экстремизм мен терроризм құбылыстарына қарсы күреске көмектесу мақсатында осындай шараны ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Бұл ретте, әсіресе, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігін өзінің мақсатында кең қолданып отырған ДАИШ террористік ұйымына тосқауыл қою мәселесі алдыңғы кезекке шығады, деп жазады The Guardian британ басылымы. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: