25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти бастамасын бауырлас елдер қолдады

Жаһан
Жарнама

10 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Тарихи тамырымыз бен мәдениетіміз, дініміз ортақ бауырлас түркі елдерінен Бас мүфти Үндеуіне қолдау білдіргендері жайлы хаттар келді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Өзбекстан мүфтиі Усмонхон Алимов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мақсатбек қажы Тоқтомушев және Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мұсылман әлеміне жасаған Үндеуіне қолдау білдіргендері жайлы хат жолдады.

Аталмыш хаттарда  осындай сын сағатта, қиын шақта бірлесіп дұға жасаудың берекелі болатынын атап өтіп, Жаратушы Алладан ең жақын мерзімде Мұхаммед үмбетін және адамзатты осы коронавирус індетінен құтқаруын тілейтіндерін білдірген.

Еске сала кетсек, ҚМДБ төрағасы 10 сәуір күні жұма намазының уақытында барша мұсылман жұртшылығын Аллаға дұға етуге шақырған болатын.

uzbekistan

 

kirgiz

Бөлісу: