02
Сенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ: Қажылыққа қатысты алқалы жиын өтті (ФОТО)

ҚМДБ: Қажылыққа қатысты алқалы жиын өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

20 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада ҚМДБ Бас кеңсесінде биылғы қажылыққа даярлық жұмыстары пысықталды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, қажылық маусымы кезінде уағыз-насихат жұмыстарына жауапты имамдардың білімі мен тәжірибесін шыңдау барысы сөз болды.

Алқалы жиында алғашқы сөз алған ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев қажылық мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

«Халқымыз «қажы» деген атты құрметтеп, қажылыққа барған азаматтарды ардақтап, оларға ілтипат көрсеткен. Біз өз кезегімізде қажылық сапары кезінде уағыз-насихат жұмыстары мен қызмет көрсету сапасын арттыруға күш салуымыз қажет», – деді Ғылымбек Жәдігерұлы.

Еліміздің барлық аймағынан келген білікті ұстаздар мен мешіт имамдары қажылыққа қатысты емтихан сұрақтарынан өтті. Дегенмен, сарапшылардың іріктеуінен кейін толық тізім белгілі болады. Бірнеше жыл бойы Қазақстан Қажылық миссиясының шариғат және пәтуа бөліміне жетекшілік еткен белгілі ұстаз, ғалым Бауыржан Әлиұлы дін қызметкерлері тек уағыз айтумен шектелмей, қажылықтың үкімдері мен рүкіндерін жетік білуі тиіс екенін айрықша атап өтті. Өйткені, ұлық сапарда сұрақ қойып, пәтуа сұрайтындардың қатары көбейеді.

Жиын барысында дін қызметкерлеріне Діни басқарма шығарған «Қажылық және ұмра үкімдері» кітабы үлестірілді.

Басқосу соңында жұмыс тобы ҚМДБ бекіткен арнайы құжатты бекітті. Енді қасиетті мекенге сапар шегетіндер осы ережеге сай жұмыс істейтін болады.

Бөлісу: