02
Сенбі,
Қараша

һижри

Елордада ғұламалар кеңесінің кезекті мəжілісі басталды (ФОТО + ВИДЕО )

Елордада ғұламалар кеңесінің кезекті мəжілісі басталды (ФОТО + ВИДЕО )

Ел іші
Жарнама

11 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезекті мəжілісі басталды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 



Осымен 22-ші рет өтіп жатқан келелі кездесуге ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму вице-министрі Марат Əзілханов, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер - Бауыржан қажы Əбдірашұлы, Алау қажы Əділбай, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жəдігерұлы, сонымен қатар елімізге белгілі теолог-ғалымдар қатысуда.

Мәжілістің күн тəртібінде діни оқу орындарын тəмамдаған шəкірттерді қызметке бөлу туралы Ереже, қоғамдағы кейбір деструктивті ағымдардың идеологиясы, доңыз майы қосылған дəрі-дəрмектерді қолданудың шариғи үкімі, т.б. тақырыптар төңірегіндегі мəселелер талқылануда.

Басқосуда Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы шəкірттерді қызметке бөлудің маңыздылығын атап өтсе, вице-министр Марат Əзілханов Ғұламалар кеңесінің əлеуеті жайлы пікірімен бөлісті.


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Бөлісу: