3 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасиетті Рамазан айының соңғы күндері республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде игі шаралардың қатары көбейіп, жамағат игілігі үшін бірқатар шаралар жасалды. Солардың бірі – республикалық Бас мешітте жамағатқа арналған «Рахмет» қайырымдылық дүкені ашылып отыр, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған қайырымдылық дүкенінде демеуші жандар әкеліп өткізген түрлі киім-кешектер жуылып-тазартылғаннан кейін арнайы дүкен сөрелеріне қойылады. Мұқтаж жандар өздеріне қажетті киім түрін осы жерден таңдап алуына болады.