02
Сенбі,
Қараша

һижри

Елордадағы «Al Baraka» мейрамханасы халал сертификатын алды

Елордадағы «Al Baraka» мейрамханасы халал сертификатын алды

Ел іші
Жарнама

31 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Al Baraka» мейрамханасы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сертификатын алды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Аталмыш мейрамхана басшылығы тарапынан түскен өтінішке орай бір апта көлемінде тексеріс жұмыстары жүргізіліп, халал мейрамхана атына лайық деп танылды.

Сертификатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, халал өнімдерін стандарттау бөлімінің кураторы Бауыржан Әбдірәшұлы табыстады.

Осымен Нұр-Сұлтан қаласындағы халал сертификатын алған мейрамханалар мен дәмханалардың саны 40-қа жетті.

Бөлісу: