30 мамыр. Нұр-Сұлтан. ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен Елордадағы 50 отбасына қасиетті рамазан айының сыйлығы үлестірілді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Жүрекке жылулық пен қуаныш сыйлаған шараға наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтар қатысты.
Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: «Баршаңызды рамазан айымен құттықтаймын. Рамазан – бауырмашылдық, жақсылық айы. Біздің мақсатымыз – қасиетті айда әр отбасын қуаныш пен шаттыққа бөлеу. Алла Тағала сіз бен біздің қуанышымызды арттырып, өзінің мейірім-шапағатына бөлегей», – деп атап өтті.
«Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың мәлімдеуінше, тұрғындарға берілген сыйлықтар ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті ауқымды түрлі азық-түліктер бар. Қажетті азық-түліктер дін қызметкерлерінің пітір садақасы есебінен алынды. Мұндай шара тұрақты түрде жүзеге аса бермек.