17 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Жусан-2» операциясына қатысты «Хабар 24» арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Белгілі тележурналист Зейін Әліпбек жүргізген бағдарламада Бас мүфти:
«Қазақстан өз азаматтарының әлемнің қай қиырында жүргеніне қарамастан олардың тағдырына қашан да алаңдайды. «Жусан» операциясының жалғасы бойынша жүзеге асқан бұл гуманитарлық шара соның айқын көрінісі. Лаңкестік ұйымдардан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан моралдық, материалдық тұрғыдан жан-жақты көмек көрсетілуде. Қоғамға бейімдеу жұмыстарының нәтижесінде олар қызметке орналасып, ағайын-туыстарымен қауышты, ал балалары бала-бақшаға баруда. Өкпеге қисақ та, өлімге қимайтын халықпыз ғой», – деп атап өтті.
Бағдарлама бүгін, 2019 жылдың 17 мамырында сағат 21:30-да «Хабар 24» арнасынан көрсетіледі.