02
Сенбі,
Қараша

һижри

Бас мешіттің баспасөз қызметкерлерінің Рамазан жоспары талқыланды (ФОТО+ВИДЕО)

Бас мешіттің баспасөз қызметкерлерінің Рамазан жоспары талқыланды (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

11 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Muslim.kz порталы ұжымының жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мешіттің баспасөз саласы бойынша Рамазан айына жоспары талқыланған берекелі басқосуға «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов пен Нұр-Cұлтан өкілдігі бойынша Баспасөз саласына жауапты наиб имам Бақытжан Өткелбаевтар қатысып, медиа жоспар бекітілді.

Оқырман қауымға ораза жайлы оң ақпарат беріп, қасиетті айдағы насихат жұмыстарын әлдақашан бастап кеткен портал қызметкерлері алда атқарыларар маңызды шаралар жайын талқылап, жауапты қызметкерлер бекітілді. Рамазанға қатысты көп қойылатын сауалдар тізімі түзіліп, Елорда имамдарының ғаламтор желісі арқылы жауаптарын жариялау кестесі құрылды. Халықтың оразаға оң ниетін оятып, барынша сауапты атқаруға үндейтін бейнероликтер мен мешіттегі уағыз-насихат жұмыстарын онлайн тарату жұмыстары тапсырылды.

Бұдан бөлек, Нұр-Cұлтан өкілдігінің Жастар ісі бөлімімен бірлескен іс-шаралар жоспары тыңдалды. Айта кетейік, қасиетті Рамазан айында Бас мешіт жастарының атсалысуымен бірнеше тың жобалар өтетін болмақ. Солардың бірегейі ретінде 12-мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жастар: Рамазан керуені» жобасы басталып, елордамыздағы мұқтаж отбасыларға жол тартпақ.

Бас имам мақұлдауымен қасиетті Рамазан айында Бас мешіттің баспасөз қызметкерлері «Берекелі ауызашар», «Рамазан мектебі», «Оразадағы ойлар», «Жарамазан жарысы», «Сусағанға сусын бер!», «Онлайн уағыз» жобаларын бастайтын болады.

01

01

01

01

01

01

01

01

Бөлісу: