02
Сенбі,
Қараша

һижри

Мамания медресесі қазақ тарихындағы білімге салынған инвестицияның бастау көзі – Президент

Мамания медресесі қазақ тарихындағы білімге салынған инвестицияның бастау көзі – Президент

Ел іші
Жарнама

2 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді. Президент Салтанат сарайында өңірдің жұртшылығымен, кәсіпкерлерімен кездесуде Жетісу жерінде ықылым заманнан келе жатқан меценаттық үлгіні мысалға келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Алғашқы қазақ ағартушылық мектептерінің бірі, Ақсу жерінде ашылған Мамания медресесі ұлт руханиятына айрықша үлес қосты. Бұл - қазақ тарихындағы білімге салынған инвестицияның бастау көзі болатын», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, қазақ зиялыларының көбі Президент атап өткен Мамания медресесінен шыққан, осы жерде білім алған. Оның ішінде Ілияс Жансүгіров, Біләл Сүлеевтер бар. Біләл Сүлеев Қарақалпақстанның білім министрі болған. Мектеп 19-шы ғасырдың аяғында жергілікті дәулетті азаматтардың күшімен салынған. Білім ошағы Жетісу өңіріндегі алғашқы меценаттық қозғалыстың айқын көрінісі. Сондықтан «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда Атымтай жомарттарға Маман әулетінің бастамалары жиі мысалға алынып тұрады.

20190502105705

Бөлісу: