02
Сенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти бас жүлде иегеріне көлік кілтін табыстады (ФОТО)

Бас мүфти бас жүлде иегеріне көлік кілтін табыстады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

29 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummte.kz – Бүгін Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған VІІI Республикалық Құран жарысы жүлдегерлерін марапаттау рухани кеші өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Дін жанашырлары мен демеушілердің қаржылай қолдауымен өткен жүлде қоры 16 млн. теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 558 қари қатысты. Төрт бағыт бойынша бақ сынасқан қарилар Құранның 10 парасын, 20 парасын, қасиетті кітапты толық (30 пара) жатқа айтудын және Құранды мәнерлеп оқудан жарысты.

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Алла Тағала қасиетті Құранда: «… Алланың шексіз рақымына бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!» дейді. Құранды тыңдаудың өзі үлкен сауап. Құран секілді ешқандай кітап жатқа оқылып, насихатталмайды. Құран оқылған, оған амал етілген үйде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Құранды көп оқыған адамның Алла алдында дәрежесі артады», – деп, кеш қонақтарына қасиетті Құранның маңызын жеткізді. Ізгі іске атсалысқан барша азаматтарға, әділ қазы алқасына, қатысушы қариларға алғысын білдірді.

«Ақорда» республикалық қозғалысының төраға орынбасары Қанат Жанатұлы және Алматы қаласы, Дін істер жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбековтер де ақжарма тілектерін білдіріп, құттықтау сөздерін арнады. Игі шараға мұрындық болған азаматтарға алғыстарын айтты.

Рухани кеште Хазірет Бердіхан, Ерген Айтымбетов, Райым Уайыс сынды өнерпаздар арнау орындап, өздерінің асқақ ән-күйімен көрерменге рухани көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, Құранның хикметтері жайлы бейнеролик көрсетіліп, «Өнер қырандары» театры халық назарына Құран оқудың маңызы жайында ғибратты қойылым ұсынды.

Құран байқауының жүлдегерлеріне марапаттарын елімізге танымал дін және қоғам қайраткерлері табыстады.

4 бағыт бойынша байқау жүлдегерлерінің көрсеткіші мынадай:

30 пара Құранды толық жатқа оқу бойынша:

Бас жүлде – Сақи Сатешов (19 жаста, Маңғыстау) – Автокөлік
ІІ орын – Нұрмұхамед Лиров (18 жаста, Жамбыл) – 2 млн. тг
ІІІ орын – Саламат Қаратаев (27 жаста, Алматы) – 1,5 млн. тг

20 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын – Қуаныш Тоқсанұлы Абишев (29 жаста, Алматы) – 1,5 млн. тг
ІІ орын – Ниғматулла Савранбекұлы Абдазимов (12 жаста, Қызылорда) – 1 млн. 250 мың тг.
ІІІ орын – Ахмадқожа Сайвалиұлы Хакимов (17 жаста, СҚО) – 1 млн. тг.

10 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын – Нұртілеу Серікұлы Мейітқасым (6 жаста, Нұр-Сұлтан) – 1 млн. тг.
ІІ орын – Акмал Давранбекұлы Рахимқұлов (18 жаста, Түркістан) – 750 мың тг.
ІІІ орын – Омар Бауыржанұлы Ізгілік (11 жаста, Маңғыстау) – 500 мың тг.

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

І орын – Қайнар Базарқанұлы Базарқан (25 жаста, Алматы) – 500 мың тг.
ІІ орын – Ұлан Бағдатұлы Балтабай (14 жаста, Атырау) – 300 мың тг.
ІІІ орын – Бауыржан Бақытжанұлы Исабеков (26 жаста, Алматы өңірі) – 150 мың тг.

Сонымен қатар, жарыс жүлдегерлерінен бөлек Құран байқауына қатысқаны үшін 57 қаридың әрбіріне ынталандыру ретінде 50 мың теңгеден сыйақы берілді.


 

 

 

 

 

 




Бөлісу: