02
Сенбі,
Қараша

һижри

Асқар Мұқанов: Рамазан – Құран нұры түскен ай (фото)

Асқар Мұқанов: Рамазан – Құран нұры түскен ай (фото)

Ел іші
Жарнама

27 сәуір.  Нұр-Сұлтан.  Ummet.kz  – «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы, РАНТ мүшесі Асқар Мұқанов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келіп, қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Құранға деген махаббат» тақырыбында уағыз-насихат айтты, деп хабарлайды sunna.kz сайтына сілтемежасаған ummet.kz тілшісі.

Айлардың сұлтаны болған Рамазан айына да санаулы ғана күндер қалды. Мұсылмандар бұл қасиетті айда қандай амал жасағаны абзал болмақ? Міне, осы жайында тағылымы бол, салихалы сұхбат болды. 

«Рамазана айы Құран айы» деп те аталады. Өйткені Құранның алғашқы аяты осы айда түскен. Алла Тағала қасиетті кітабымызда былай деген:

شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِيَ أُنزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِّنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ

«Рамазан айы – адамзатқа жолбастаушы болған һәм тура жолға салатын, ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын ең айқын дәлелдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай» (Бақара сүресі, 185 аят).

Рамазан айында Құран Кәрімге ерекше ден қоюымыз керек. Себебі, осы айда Құран түскен.

Имам әз-Зуһри (р.х.) рамазан айы кірген сәтте: «Бұл (яғни, рамазан) – Құран оқу мен адамдарды тамақтандыратын ай»,-дейтін. Ибн Аъбдул Хакам айтады: «Имам Мәлик (р.х.) рамазан айы кірген кезде хадиспен айналысудан және ілім иелерімен мәжіліс құруын ығысып, Құранды жүзіне қарап оқуға бет бұратын еді», – деді Асқар Әбітайұлы.

Сондай-ақ, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, және демуші азаматтардың көмегімен қасиетті Шағыбан айының құрметіне жайылған ауызашар дастарханына 100-ден астам жамағат жиналды. Шара соңында құран оқылып, ақсақал дастархан батасын берді .

 eCnd1bn2LvM

5M0iievWDqQ

MxJjUO7T2Yk

2r7XRAYnY74

v4iDE0SdoCo

RoRBP0 1IMQ

4Fm7tgsm03g

gB iVdI3rM

Бөлісу: