02
Сенбі,
Қараша

һижри

Нұр-Сұлтан: БҰҰ арнайы елшісі Сирия келіссөзіне қатысады

Нұр-Сұлтан: БҰҰ арнайы елшісі Сирия келіссөзіне қатысады

Ел іші
Жарнама

23 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 25-26 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Сирия бойынша келіссөзге БҰҰ Сирия жөніндегі арнайы елшісі Гейр Педерсен қатысады, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов хабарлады.

«Арнайы елші қатысатынын растады, күтеміз» дейді А.Тұматов.

Еске салсақ, бүгінгі күнде Сириядағы ахуалды реттеу жұмысы екі алаңда – Женева және астаналық форматта жалғасып жатыр. 2018 жылдың 30 қаңтар күні Сочиде 2011 жылы соғыс басталған уақыттан бері бірінші рет Сирия ұлттық диалогының конгресі өтті. Конгресс қорытындысында Сирия конституциялық комитетін құру туралы шешім қабылданды.

Бөлісу: