02
Сенбі,
Қараша

һижри

Терроризмнің шекарасы жоқ – Тоқаев Шри-Ланкадағы жарылыс туралы

Терроризмнің шекарасы жоқ – Тоқаев Шри-Ланкадағы жарылыс туралы

Ел іші
Жарнама

22 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы теракт кезінде қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған  ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Президенті өз Твиттерінде жазды.

«Шри-Ланкада ауыр қайғылы жағдай. Елдегі шіркеу мен қонақүйлердегі жарылыстан кейін 160-тан астам адам қаза тауып, көп адам жарақат алды. Терроризмнің шекарасы жоқ. Әлемдік қауымдастық террорға қарсы бірігіп күресу керек», - деп жазды мемлекет басшысы. 

Шри-Ланкада шіркеулер мен отельдерде жарылыс салдарынан 160-тан астам адам қаза тауып, 300 адам жарақат алды.

Қаза тапқандар саны 160 адамнан асқаны жайлы News First жергілікті басылымы хабарлады. Шри-Ланкада бір емес, бірнеше жарылыс болған.

Мәліметке сай, Коломбода 40 адам, Катувапитье мен Катанеде 93 адам, ал Баттикалоада 27 адам көз жұмған. Жарылыстар республикадағы отельдер мен католик шіркеулерінде болған. Ол кезде жергілікті тұрғындар Пасха мерекесін атап жүрген болатын.

Республиканың Экономикалық реформалар министрі Харша де Силваның ақпараты бойынша, жарылыстардан қаза тапқандар арасында шетелдіктер бар. Министр қай мемлекеттің азаматтары зардап шеккенін нақтыламады. 

Бұған қоса, жарылыстар салдарынан кем дегенде 295 адам жарақат алған.

Соңғы мәліметке сай, Пасха мерекесі кезінде Шри-Ланканың үш шіркеуі мен үш отелінде алты жарылыс болған.

Бөлісу: