02
Сенбі,
Қараша

һижри

Президент Қордайдағы жол апатына көңіл айтты

Президент Қордайдағы жол апатына көңіл айтты

Ел іші
Жарнама

22 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Қордай тас жолында аса ірі жол апаты болды. Өзбекстанның 11 азаматы көз жұмды, жараланғандар көп. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдадым. Жолдарымыздағы жағдай алаңдаушылық туғызады, мен ол туралы Ішкі істер министрлігі отырыстарында айтқанмын. Осыған байланысты Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым», - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасына.

20 сәуір таңғы сағат бес шамасында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Алматы - Ташкент бағытындағы трассаның 181-ші шақырымында Toyota көлігі жол жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Көлік артында келе жатқан автобус аударылған. Көлік апатынан 11 адам қаза тапқан, 29 адам зардап шеккен.

Бөлісу: