18 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Бекжігітов Жәнділлә Мамытханұлы Қажылық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
«Бекжігітов Жәнділлә Мамытханұлы 2019 жылдың 16 сәуірінен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігі Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қажылық бөліміне меңгеруші болып тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.
Мүфтият ұжымы Жәнділлә Мамытханұлының жаңа қызметіне береке тілейді.
Жәнділлә Мамытханұлы Бекжігітов
1982 жылы туған.
Білімі мен біліктілігі:
1989-2000 жылдары Құсшы ата елді мекенінде орналасқан «М.Қазыбеков» атындағы орта мектепті бітірген.
2001 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Академиясына түскен, онда 2004 жылға дейін оқып, сол жылы Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетіне ауысып, осы оқу орнын 2006 жылы; филолог, жоғары мектептің араб және ағылшын тілдері мен әдебиетінің оқытушысы деген мамандықпен бітіріп шыққан.
2009-2011 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
2006 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мешіт істері және қажылық бөлімінің референті болып жұмысқа алынады.
2010, 2012 жылдары Мешіт істері бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2014 жылы қараша айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Мешіт істері бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.
2019 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Қажылық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Отбасылы, 2 ұл, 2 қызы бар.