03
Жексенбі,
Қараша

һижри

Өкілдік жиналысында Халықаралық конференцияға дайындық жұмыстары пысықталды (ФОТО)

Өкілдік жиналысында Халықаралық конференцияға дайындық жұмыстары пысықталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

2 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің жалпы жиналысы болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиналыста «Діни Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияға дайындық жұмыстары талқыланып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, 10-12 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін айтулы шара аясында көршілес Ресей елінің, Орта Азия мемлекеттерінің мұсылман ғалымдары, дін көшбасшылары бас қосады. Үш күнге созылатын Халықаралық конференцияның жұмыс жоспарында бірнеше іргелі іс-шара көзделген.

Елордамыздағы 10 құлшылық ордасының бас имамдары мен «Астана» медресе-колледжінің басшылығы қатысқан бүгінгі жиналыста жоспарға сәйкес тапсырмалар беріліп, жауаптылар бекітілді.

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа ғимаратында өтетін Халықаралық жиынның маңыздылығын атап өткен Наурызбай қажы Тағанұлы барша қызметкерлерді аянбай атсалысуға шақырды. Халықаралық деңгейдегі конференция жұмысының ойдағыдай өтуі тек ҚМДБ-ның ғана емес, еліміздің де абырой-беделін биіктете түсетінін ескерте кетті.

2c447b80b2a206a6aa06b06b35107cc8 1

4ab4abcc95e17dbede0bcdd630914fd1

5da7c59a1d6e86566b5a682ffd191aed

6f563ce8179232c74bdd8c4aa5376db9

08e5abf9f5903d102a7c638dd0b293e5

0167dafe37aa306e2fefb32d613463f8

795ae1bac29ebf6649eb26d623e5ae9a

a6f45208a571b874112febd854293987

 

Бөлісу: