03
Жексенбі,
Қараша

һижри

Ұлыс оң болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ел іші
Жарнама

Серікбай қажы ОРАЗ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Ардақты ағайын!

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, бақ пен береке тілеймін. Алла Тағала қарияларымызға қуат, жастарымызға жігер, халқымызға қашан да ынтымақ, татулық нәсіп еткей!

Шуақты көктемнің келгенін білдіретін әз-Наурыз – жоралы жұртымыздың ұлттық мерекесі. Наурыз күндері көрші-қолаң, құда-жекжат, ағайын-туысты аралап, аман-саулық сұрасып, мәре-сәре күй кешеміз. Ер кісілер төс қағыстырып, бір-бірімізге ізгі тілектерімізді айтамыз. Ренжіскендер татуласып, кешірім жолын ұстанады. Өйткені, туысқанды зиярат ету, ренжіскен кісілермен татуласу – күллі пайғамбарлар салған сара жол.

Наурыз – қайырымдылықтың мерекесі. Мейрамда жомарт жандар жетім мен жесірді жабырқап, көмекке мұқтаж жандарды қуанышқа бөлейді. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, ең жақсы адам – айнала-төңірегіне шуағын шашып, пайдасын тигізіп жүретін пенде. Осынау әз-Наурызда ізгілікке үндейтін әрбір амалдың, ұлттық әдет-ғұрыптардың ұрпаққа берер тәрбиесі мен тағылымы мол.

Күллі түркі жұртының төл тойы – Наурыз еліміздегі түрлі ұлтты ынтымаққа ұйыстырып, мейірбандыққа үндеп келеді. Алла Тағала халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық бергей! Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин!

Бөлісу: