03
Жексенбі,
Қараша

һижри

Астананың бас мешіті салынады: Елбасы іргетасын қалады

Фото: tengrinews.kz

Ел іші
Жарнама

18 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Астананың сол жағалауында жаңа мешіт салынады. Оның іргетасы қалауға Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілішісі.

«Мешіттің негізгі ғимаратын салып жатырмыз, ол біздің аймағымыздағы ең үлкен мешіт болады. Мұсылман әлемінде бұл жай ғана діни ғимарат емес, ол қонақтар, туристер келетін елордамыз үшін әсемдік тұрғыда маңызды нысан саналады.

Біз бұған дейін салынған және қазір салынып жатқан мешіттерді зерттедік. Ең жақсы жобаларды таңдадық. Жобаны өзім қараймын, бұл нысанның құрылысын басынан аяғына дейін өзім бақылаймын. Кейін бәріміз жиналып, оны ашамыз», - деді Елбасы мешіттің іргетасын қалау рәсімінде.

dbf5447c25e8aaba4c4c491136a5d12b

Мешіт EXPO-2017 аймағында, Қабанбай батыр мен Мәңгілік ел даңғылдарының ортасына салынады. Оның сыйымдылығы - 30 мың адам, бұл еліміздегі және Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болады.

a5b89109bd195c3c832581f907a87f9c

Жаңа мешіттің аумағы - 9,4 гектар. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болмақ. Мешіт мұнарасының биіктігі 130 метр, ал негізгі күмбездің биіктігі 88,2 метр болады деп жоспарланып отыр. Ерлерге арналған ғибадат залына бір уақытта 15 мың адам сыйып кетеді, ал әйелдердің ғибадат залы 3 мың адамдық болады. Аулаға тағы 12 мың адам сыяды.

Қазір Қазақстанда «Әазірет Сұлтан» мешіті ең үлкен мешіт саналады. Ол Астананың оң жағалауында орналасқан, оның сыйымдылығы - 10 мың адам. Хазрет Сұлтанның бүкіл аумағы 11 гектардан асады. Ал ғимараттың аумағы - 17 700 шаршы метр.

b695e8ba6e93fcf033aa36b4a1b64b28

Қазір құрылыс орны бос жатыр. Бұл жерден «Нұр Әлем» сферасы, артынан "Абу-Даби Плаза" құрылысы көрінеді. 

049e5f3cc23774cc803921dbbfb77add

Астананың басты жоспарында жаңа мешіттің орны мынадай:

8b7a4cb2f9e2ae71a2bb4da632ee8a92

Мешітті түркиялық құрылыс компаниясы салады.  

Бөлісу: