02
Сенбі,
Қараша

һижри

Түркия елшісі Мүфтияттың жаңа ғимаратын аралады (ФОТО)

Түркия елшісі Мүфтияттың жаңа ғимаратын аралады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

14 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырзамен кездесіп, мүфтияттың ғимаратымен таныстырды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Жаңа ғимараттарыңыз құтты болсын. Расында, бұл – тарихи оқиға, үлкен жеңіс. Алла берекелі етсін. Біз, бауырлас түрік халқы қуаныштарыңызға ортақпыз», – деген тілегін жеткізді елші.

Бас мүфти зәулім кеңсе асыл дініміздің жанашыры Елбасының бастамасымен салынғанын атап өтті.

Айта кетейік, 4 қабатты зәулім ғимараттың кітапхана, акт залы, спорт залы, намазханасы, компьютер бөлмесі бар.

ҚМДБ-ның әкімшілік ғимаратының құрылысы 2015 жылы басталып, 2018 жылдың 14 желтоқсанында пайдалануға берілді. Ғимараттың жер аумағы 1,2 га, ал кеңсенің жалпы аумағы 12 019 шаршы метр.

Ғимарат 4 блоктан тұрады: А блок (4 қабат әкімшілік корпус) 8 996 шаршы метр, Б блок (4 қабат жатақхана) 2 019 шаршы метр, В блок (1-қабатта акт залы) 447 шаршы метр, Г блок (1-қабатта спорт залы) 557 шаршы метр.

Жаңа кеңсе демеушілердің қолдауымен тұрғызылды.

Алла Тағала сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға разы болсын!

Бөлісу: