05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Өкіл имам: Бес баласынан айырылған отбасыға үй алып береміз

Өкіл имам: Бес баласынан айырылған отбасыға үй алып береміз

Ел іші
Жарнама

5 ақпан.  АСТАНА.  Ummet.kz - Астана қаласы бойынша өкілі,  Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өрт салдарынан бес баласынан айырылған жанұя туралы айтты. Ол қазіргі уақытта қажетті қаражат жиналғанын, енді отбасыға үй сатып алып беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

"Жанұяға арнайы жиналған қаражат бар. Қазір көрсетілетін көмек туралы арнайы комиссиямен ақылдасамыз. Біз олардың ата-анасымен сөйлестік. Ақылдаса келе, мешіт атынан баспана сатып алып береміз деп шештік. Біз осылай келістік. Олар өз өтініштерін айтты, Алла қаласа, біз оларға көмектесеміз" , - деді имам.
 
Оған қоса, әлеуметтік желідегі видеоларда "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев бүгін 13,4 млн теңге жиналғанын, бұл сома жанұяға табысталатынын айтқан.
 
Егер кімде-кім жанұяға қаржылай көмек бергісі келсе, олар мұны жеке жүзеге асыра алады.
8c0fb35d4cdf614ade17b1b02d0234b5
 
210ab0852dc43130a7ed31f302dc64a9
Бөлісу: