05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

«Астана - мейірімді қала» жобасы жүректерге жылу сыйлады (ФОТО)

«Астана - мейірімді қала» жобасы жүректерге жылу сыйлады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

26 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Елордада ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Астана қаласы өкілдігінің «Астана – мейірімді қала» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жоба аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері бүгін қала көшелерін аралап, қоғамдық жұмысшы қауымның жүректеріне жылу сыйлауға тырысты. Температура бағаны  40 градустан төмен құлаған ауа-райында да өз жұмыстарын мүлтіксіз атқарып жүрген жандарға мешіт имамдары ыстық тамақ пен сусын таратып, демеу сөздерімен жандарын жылытты.

Айта кетейік, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай Тағанұлының тапсырмасы негізінде «Астана – мейірімді қала» жобасы қыс бойы жалғасады. Бас мешіттен бастау алған мейірімділік акциясы алдағы күндері Астана қаласының барлық мешіттерінде жалғасын тауып, жан жылуымен бөліскен жандар көбейе бермек.

Осы орайда, қала мешіттеріндегі күнделікті уағыз-насихат барысында да имамдар мешіт жамағатын мейірімділікке үндеп, аязды күндері айналамыздағыларға жанашыр болуға шақырып келеді.

Бөлісу: