22 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасы бойынша эстафетаны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отбарбаевтан қабыл алып, белгілі ғалым, профессор, алаштанушы Дихан Қамзабекұлына жолдады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Айта кетейік, түрлі саланың танымал тұлғалары «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасы бойынша Алпамыс батыр жырынан үзінділер оқып, оны бір-біріне жолдауда.