05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Мүфтият Jalpyhalyqtyq diktant шарасына үн қосты (ФОТО)

Мүфтият Jalpyhalyqtyq diktant шарасына үн қосты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

15 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Жалпыхалықтық диктант шарасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Еліміздегі медреселерде тәлім алып жатқан шәкірттер мен мешіт қызметкерлері бір мезетте жаңа қазақ әліпбиінде диктант жазды.

Айта кетейік, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика бойынша «Жалпыхалықтық диктант» іс-шарасы өтті. Диктант бір уақытта республика бойынша өңірлердегі тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда ұйымдастырылды. Диктант «Рухани жаңғыру» тақырыбында жазылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жалпыхалықтық диктантты өткізу бастамасына белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, спортшылар, сонымен қатар мәдениет және өнер саласының тұлғалары мен журналистер қолдау білдірді.

Бөлісу: