05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Турнирден түскен қаражат жұртшылық алдында қайырымдылыққа үлестірілді (ФОТО)

Турнирден түскен қаражат жұртшылық алдында қайырымдылыққа үлестірілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 қазан. АСТАНА. Ummet.kz – Елорда төрінде өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін ұйымдастырылған қазақ күресінен V Республикалық турнир ірі көлемдегі қайырымдылық шарасына ұласты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Айтулы шара барысында Елордамыздағы Қарттар үйі мен SOS Балалар үйіне, сондай-ақ шұғыл түрде ота жасалуы керек үш жасар сәбидің анасы мен тұрмыс тауқыметін тартып жүрген он балалы анаға 1 000 000 теңгеден қайырымдылық  қаражаты берілді яғни жалпы сомасы 4 000 000-ды құрайды.

«Көп түкірсе көл болады» демекші, дүбірлі дода аясында орын алған қайырымдылық шарасы жиналған қалың қауымның, спорттық-қайырымдылық шараға арнайылап келген өнер адамдары мен палуандардың ортақ үлесімен жасалып отыр. Себебі, аталмыш қаражат сатылған билеттен түскен қаржыдан және «Зекет» қорының Астана қаласындағы өкілдігі мен «Уақып» қайырымдылық қорының атсалысуымен берілді.

Спорт додасын тамашалауға келген елордалық ағайын ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен іс-шараға дән ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатты.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

Бөлісу: