05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Жоғарғы сот төрағасы кеңесшісі Мүфтиятқа игі жоба ұсынды (ФОТО)

Жоғарғы сот төрағасы кеңесшісі Мүфтиятқа игі жоба ұсынды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

4 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен мырзамен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуде Сағатбек Болатбекұлы Бас мүфтиге елімізде билер институтын жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Атап айтқанда, азаматтарды сотқа дейін татуластыру, бітімге шақыру, араағайындық дәстүрді қайта жаңғырту бойынша бірлесе қызмет ету мәселесі сөз болды. Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі бұл бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда мүфтият қызметкерлері мен имам-молдалардың ықпалын айрықша атап өтті.

Өз кезегінде Серікбай Сатыбалдыұлы: «Халықты бірлік пен ізгілікке, татулық пен мейірбандыққа үндеу – мүфтияттың негізгі қызметтерінің бірі. Біз бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға әзірміз. Халықты ымыра мен бітімге, өзара келісімге шақыру – түрлі мекемеде түрлі миссияны атқарып отырған жетекші тұлғалардың асыл міндеті. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», – деген нақыл бар. Біз біріксек, ізгі іс-шаралар мен игі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыратын боламыз», – деп атап өтті.

Басқосуда тараптар ҚР Жоғарғы Соты мен ҚМДБ арасында арнайы меморандум қабылдауға уағдаласты. Сонымен қатар, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, конференциялар мен дөңгелек үстел, арнайы басқосулар өткізуге келісті. 

Бөлісу: