05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти Амангелді Айталымен сұхбаттасты (ФОТО)

Бас мүфти Амангелді Айталымен сұхбаттасты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

3 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында «Ақтөбе» облыстық телеарнасының «Руханият» бағдарламасында қонақта болып, қоғам қайраткері, профессор Амангелді Айталымен сұхбаттасты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти мен қоғам қайраткері еліміздегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, жастардың тәрбиесі, білім алудың артықшылығы туралы сұхбаттасты. Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сұхбатта балалық шағы, діни қызметке келу себебі, өскен ортасы мен өзі оқыған діни оқу орындары туралы баяндап берді.

Амангелді Айталының: «Қазіргі жастарға айтар насихатыңыз қандай?» – деген сауалға Бас мүфти: «Қашан адам баласы өз діндарлығын белгілі бір деңгейде дәреже көріп, Алла алдында атқаратын парыз-ғибадатымен қоғамнан оқшауланатын болса, сол арқылы өзін өзгеден үстем санаса, мұндай кісінің бойын менмендік билеп, пендешілік басады. Мұндай қылық – мұсылманға жат. Сондықтан, мұсылман – жүрегіне иман ұялаған, ар мен ұят ұғымдарын ұғына білетін, сабырлы, салмақты, барлық адамзат баласын дос, бауыр тұтатын, кеңпейіл де кешірімді, мейірбан жан. Жастарымыз ақиқат пен әлілдікті ту етіп, жақсы сөз сөйлеп, ізгі істерге ғана үндейтін, тек қана тыныштық пен берекетті тілеуші тұлға болып қалыптасуы қажет», – деді.

Бөлісу: