05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти Оралда халықаралық форумға қатысты (ФОТО+ВИДЕО)

Бас мүфти Оралда халықаралық форумға қатысты (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

27 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Орал қаласында өткен «Зайырлы қоғам: құқық пен діннің өзара байланысы» атты халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Форум жұмысын Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов ашты. Сондай-ақ, форум жұмысына Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Мұхаммед-Акмалхан Шəкіров, М.П.Драгонов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің доценті, ғылым докторы Денис Брилев, Ресей ислам университетінің проректоры Мурсаль Ахметов, «Нұр-Мүбəрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, т.б. ғалымдар мен мемлекеттік мекеме басшылары, жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Облыс əкімінен кейін сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

«Зайырлылық - əр адамның нәсіліне қарамастан, әр азаматтың қандай да бір дінге сену, сенбеу мәселесіне араласпайтын ұстаным. Яғни, бұл ұстаным адамның ар-ожданының моральдық болмысының еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекет азаматтардың арасындағы қарым-қатынасты тек құқықтық негізде шешуді қамтамасыз етеді. Профессор, ғылым докторы Досай Кенжетайдың пікірінше, зайырлылық туралы анықтамалар көп. Солардың бірі – барлық діндерге бейтарап қарайтын, діни басшылықтан тәуелсіз және кез-келген теологиялық қағидалар мен нормалардан азат болған мемлекеттік ұстаным. Осы анықтама зайырлы мемлекетті нақтылай түседі. Неге барлық діндерге бейтарап қарайды? Себебі діндер көп, ал Құдай түсінігі бір. Адамдардың Құдай түсінігі ортақ болғанмен олардың танымы, сенімі, сезімі, құлшылығы, оның мына әлеммен қатынасы, яғни дүниетанымы, ақырет туралы сенімдері де әртүрлі. Сондықтан мемлекет өзінің азаматтарының діни сенімдеріне араласпайды, құрметтейді, бейтарап ұстанымда болады», - деді.

Форумда шетелдік ғалымдар баяндама жасап, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

348A0986

348A1009

348A1036

348A1053

348A1077

348A1063

348A1067

348A1077

348A1085

348A1111

348A1144

348A1177

348A1238

348A1211

348A1228

348A1236

348A1255

348A1239

 

348A1263

348A1259

Бөлісу: