05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ өкілі – ауданның құрметті азаматы (ФОТО)

ҚМДБ өкілі – ауданның құрметті азаматы (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

21 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал Даму» ЖШС директоры Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев Түркістан облысы Түлкібас ауданының құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бүгін Астанадағы ҚМДБ ғимаратында өткен алқалы жиында Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихаттың хатшысы Сейсенбаев Сәдуақас Балтабайұлы мен аудан әкімінің орынбасары Марат Сүгірәліұлы Бейбіт Әліпбекұлына «Түлкібас ауданының құрметті азаматы» куәлігін ресми түрде табыстады. Аудан басшылығынан келген меймандар Б.Мырзагелдиевтің еңбегі мен игі істері жайлы жылы пікірін білдірді.

Өз кезегінде сөз алған наиб мүфти Алау Әділбай мен ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев Бейбіт Әліпбекұлының діни саладағы белсенді қызметі мен ҚМДБ-ның халал стандарттау саласы бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы жылы пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында сөз сөйлеген Б.Мырзагелдиев Түлкібас ауданының басшылық құрамына алғысы мен ризашылығын білдірді.

Бөлісу: