19 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – 2019 жылы қалалық туризм бойынша 8-ші саммитті Қазақстан астанасында өткізуді жеңіп алғаны туралы Оңтүстік Кореяның астанасындағы ЮНВТО қалалық туризмі бойынша 7-ші жаһандық саммит барысында белгілі болды, деп хабарлайдыastana.gov.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Оған 57 елден мыңдаған қатысушылар келді. Бұрын форум әлемдік көрсеткіші жоғары туризмі дамыған Стамбул, Москва, Барселона, Марракеш, Люксор, Куала-Лумпур, Сеул сияқты ірі қалаларда өтетін. Туризм саласында осындай ауқымды деңгейдегі шараны өткізу Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бірінші рет болмақ. Қала туризмі бойынша жаһандық саммит жылына бір рет (ЮНВТО) Бүкіләлемдік туристік ұйымының талаптарына сәйкес таңдалған қалада өтеді. ЮНВТО 1975 жылдан бері туризмді дамыту саласындағы ең беделді ұйым.
Аталмыш көрмені өткізудің тиімділігі шағын және орта бизнестің экономикалық көрсеткішін жақсарта түседі деп күтілуде. Бүгінде қалада шағын және орта бизнеспен 325 мың астаналық айналысады. 1 қаңтар 2018 жылы Астана халқының саны 1 млн адамды құрады, демек елорданың әрбір үшінші тұрғыны ШОБ-тың айналасында. Мысалы, соңғы мәлімет бойынша қалада 231 қонақ үй бар. Бүкіләлемдік форумды өткізу – Астананы паш етудің, Орталық Азиядағы жаңа туризм орталығы мен қаланы дамытудағы жаңа бағытты, ірі халықаралық қауымдастық пен компаниялармен әріптестікті нығайтудың тағы бір мүмкіндігі. Нәтижесінде қонақ үйлердің толуы, кәдесый өнімдеріне сұраныс, кафе мен ресторандарға келушілердің саны көбейеді деп күтілуде. Осылайша форумды өткізу халықаралық іскер және түрлі іс-шаралардың санын көбейтуге мүмкіндік береді, осы арқылы астанаға туристік ағын да көбейе түспек. Бұдан басқа, жаһандық саммит Астанаға туризм саласындағы жетекші сарапшыларды тартуға, барлық сектордағы мемлекеттік және жекеменшік серіктестерді біріктіріп, қала туризмін дамытуға мүмкіндік береді.