5 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - 8 қыркүйекте Астанада «Дені сау отбасы - дені сау ұлт» отбасылық дуатлоны өтеді, деп хабарлайды елорданың Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Ата-аналар мен балалардан тұратын командалар бәсекеге түсетін спорттық жарысты Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырады және бұл шара Қазақстанда «Отбасы күнін» мерекелеуге орайластырылған.
Екі спорт түрінен жарыстар - үш қашықтыққа жүгіру және веложарыс Триатлон паркте өтеді. Отбасылық дуатлон эстафета түрінде болады. Қашықтықтың жалпы ұзындығы - 4,5 км.
Жүгіру (әке) - 2,1 км;
Веложарыс (ана) - 2,1 км;
Жүгіру (бала) - 300 м.
Жарыс жолына алдымен әкелер шығады. Олар 2,1 км жүгіреді. Транзиттік аймақта ерлер эстафетаны 2,1 км велосипедпен жүріп өтетін аналарға тапсырады.
Жарысты балалар 300 м жүгірумен аяқтайды. Отбасылық дуатлонға 8-9, 10-11 және 12-13 жас санатындағы балалар қатысады. Ата-аналардың жасы ескерілмейді. Әр топ бойынша жеңімпаздар қашықтықты бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады. Чемпиондарға дипломдар мен I, II және III орындар үшін бағалы сыйлықтар табысталады. Барлық қатысушыларға медальдар беріледі, сондай-ақ, тіркеу номерлері бойынша велосипед ұтысы өткізіледі. Жарысқа қатысу үшін өз велосипедіңіз бен шлем болуы керек. Шлем болмаса, команда жарысқа жіберілмейді! Сонымен қатар, тіркелу үшін жеке куәлігіңіз бен баланың туу туралы куәлігі болуы керек.
Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-10:30 аралғында жүргізіледі. Жарыс сағат 11:00-де басталады.