05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Петропавлда жаңа мешіт ашылды

Петропавлда жаңа мешіт ашылды

Ел іші
Жарнама

29 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz - Петропавл қаласында көркі көз сүріндіретін жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, облыс әкімі Құмар Ақсақалов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатовтар қатысты.

Жиында сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мешіт салудың мəртебесі мен сауабы жайлы сөз қозғап, құлшылық үйін тұрғызған азаматтарға алғысы мен ізгі ниетін жеткізді:

«Әз Пайғамбарымыз: «Кімде кім жер бетінде Алла үйін салуға ат салысса Алла тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» (Бұхари) дейді. Мешіт салу – сауапты іс. Осындай имандылық үйін салуға атсалысып, ел игілігіне берген азаматтарға алғысымды білдіремін. Ашылып жатқан ғибадат үйі халықты имандылыққа ұйытып, бірлік пен ынтымақтың ошағына айналатынына сенімдімін», - деді Бас мүфти.

500 адамдық жаңа мешіт қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Сәні мен сәулеті жарасқан ғимараттың аумағы 2793 шаршы метрді құрайды. Үш деңгейлі күмбез бен 4 бірдей мұнарадан тұрады. Симметриялық көп қырлы мұнаралардың биіктігі 42 метр. Мешітің құрылысына 1,4 га жер бөлінген.

Бөлісу: