05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Өкіл имам көп балалы анаға баспана кілтін табыстады

Өкіл имам көп балалы анаға баспана кілтін табыстады

Ел іші
Жарнама

18 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы және «Зекет» қоры бірігіп пәтер жалдап тұратын 5 балалы отбасыға баспананың кілтін табыс етті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Өкіл имам Мақсат Қуанышұлы жаңа үйге кірген отбасыға ақ батасын беріп:

«Бұл атқарып жатқан игі жұмыстарымызды көпшілікке көрсетпеуімізге де болатын еді.  Бірақ, бұл жұмыс басқа қалталы азаматтарға ғибрат болса екен деген ниетіміз бар», - деді.

Бұған дейін пәтер жалдап, таршылық тауқыметін көрген Айсұлу Сәрсембекқызы өкіл имам Мақсат Қуанышұлына, көмек көрсеткен мешіт жанашырлары мен мешіт жамағатына,  мейірімді жандарға алғыс білдірді.

DSC 0010

DSC 0019

DSC 0026

DSC 0029

DSC 0038

Бөлісу: