16 шілде. АСТАНА. Ummet.kz - Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымның ықпалына түсуі ықтимал қоғамның әлсіз топтарымен жұмыс жүргізу әдістері» атты семинар-треннинг өтті, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Семинарда Астана қаласы бойынша медициналық мекемелердің психолог-дәрігерлері семинарға арнайы шақырылған мамандардың дәрісінен жұмыс барысында қажет болатын тиісті ақпаратты алып, орталықтың психологтары жүргізген тренингтен мол тәжірибе жинақтады.
Аталған іс-шара барысында семинарға қатысушыларға берілген ақпараттар мен жүргізілген тренингтер алдағы уақытта өз қызметтерінде жат діни ағым өкілдерімен тиімді жұмыс жүргізуде оң ықпалын тигізетіні айтылды. Осындай семинар-тренингтер қаламыздағы өзге де мекемелердің қызметкерлерімен өткізілу жоспарланып отыр.