13 шілде. АСТАНА. Ummet.kz - Бас мүфти балалар үйіндегі жеткіншектермен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «2018 – Ислам және отбасы жылы» аясында «№3 Шымкент балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.
Бас мүфти балалар үйіндегі жеткіншектерге жақсы білім алу, әдепті болу, үлкенді сыйлау сынды адамгершілік құндылықтар туралы тағылымды дәріс жүргізді. Олармен емен-жарқын әңгімелесті. Жасөспірімдер өз кезегінде мүфтиге өз өнерлерін паш етті.
Жылы жүзді кездесу шарасында Бас мүфти балаларға сыйлық үлестіріп, бүлдіршіндердің болашағы үшін дұға жасады.
ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы «№3 Шымкент балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымына сауапты қызметі үшін алғысын жеткізіп, ізгі ниетін білдірді. Мүфтият тарапынан балалар үйіне қашан да қолдау көрсетіле беретінін айтты.
Бөлісу: