05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Астанада Достық үйі ашылды

ФОТО: aqorda.kz

Ел іші
Жарнама

2 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Достық үйінің ашылу салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

 

Елбасы «Өңірлердің Астанаға тартуы» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы қайта жөндеуден өткізген қалалық Достық үйін аралап көрді.

Қазақстан Президенті елорданың этномәдени орталықтарының өкілдерімен және Маңғыстау облысының көрнекті қоғам қайраткерлерімен әңгімелесті.

«Еліміздің барлық өңірінде Достық үйлері бар. Онда облыстардың этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Енді бас қаланың да Достық үйі болады. Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын!» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысына Достық үйінің эскиздік жобасын таныстырды. Онда кітапхана, музей, халықтық қолданбалы өнер шеберханалары, конференц-зал және тілдерді оқыту орталығы үшін арнайы орындар қарастырылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 4 мың шаршы метр.

Бөлісу: