05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Өзбекстан мүфтиі «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесінде болды

Өзбекстан мүфтиі «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесінде болды

Ел іші
Жарнама

25 маусым. АСТАНА. Ummet.kz - Өзбекстан мүфтиі «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесінде болды, деп «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Шымкент қаласында өткен «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форумнан соң, Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы Алимовпен қонақтар Түркістан қаласында арнайы қонаққа болды. Қонақтарды ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Алау Әділбаев, ҚМДБ-ның «Шариғат және фатуа» бөлімінің жетекшісі Сансызбай қажы Шоқанов, ОҚО бойынша өкілдігі, наиб имам Ахметжан қажы Керімбек және имамдар, «Сарыағаш» медресесінің директоры Абдуғаппар Смановтар бастап Түркістан қаласына арнайы зияраттады. Қонақтар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етіп, бабалар рухына Құран бағыштады.
Сапар аясында Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы хазірет бастаған қонақтарды арнайы Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Қалманұлы Мұсаев күтіп алып, «Қанақа» қонақ үйінде арнайы қазақы қонақжайлылықпен дастархан жайып, дәм татырды. Қала әкімі Тәжібек Қалманұлы Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы хазіретке Түркістан қаласының символына айналған алтын түстес «Тайқазан» мен Түркістанның тарихы жазылған кітап сыйлады. Өз кезегінде Өзбекстан мүфтиі қала әкімі Тәжібек Қалманұлына және Түркістан қаласы орталық мешіттің бас имамы Омар қажы Елеуұлына арнайы елінен әкелген бағалы сыйлықтар табыс етті.
Сапар аясында Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы хазірет бастаған қонақтар арнайы Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітіне соғып, мешіттің әсем келбеті мен құрылысын көріп, танысты. Мешіттің салыну ерекшелігін көріп, өз таңданысын жеткізді. Орталық мешіт Түркістан қаласындағы құрылысы жағынан көркем, қонақтардың арнайы соғып тамашалайтын бір рухани ордасына айналған.
Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы Алимов хазіретке Түркістан қаласы орталық «Түркістан Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Омар қажы Елеуұлы шынайы алғысын мен дін саласындағы достықты нығайту жайында келелі ойларын айтып, қасиетті «Құран Кәрім» кітабының қазақша аудармасымен сыйлыққа берді.
Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы Алимов мешітте намаз оқып, бір-бірлеріне бауыр, көрші мемлекеттердің достығы мен ауызбіршілігі, дін исламның гүлденуі үшін дұға жасады. Алла ел мен дін үшін жасаған дұға тілектерімізді қабыл етсін, еліміз, дініміз көркейе берсін.

</p

Бөлісу: